Омыртқалылар зоологиясы
🐿️

Омыртқалылар зоологиясы

Бұл электрондық-көмекші оқу құралында омытрқалылар зоологиясына байланысты білімдеріңізді қалыптастырып, бекіте аласыздар.

Омыртқалылар систематикасы

Класс
Негізгі ерекшеліктері
Ароморфоздары
Басхордалылар (ланцетниктер)
Желісі өмір бойы сақталады, бас миы мен жүрегі жоқ
Желінің, жүйке түтігінің, желбезек саңылауларының пайда болуы
Дөңгелекауыздылар
Жақсыз, сорғыш аузы бар, сүйексіз қаңқа
Қан айналым жүйесінің пайда болуы, бас миының дамуы
Шеміршекті балықтар
Сүйексіз, шеміршектен тұратын қаңқа, қозғалмалы жақ сүйектері бар
Жақ сүйектерінің дамуы, ішкі қаңқаның пайда болуы
Сүйекті балықтар
Сүйекті қаңқа, жүзбе қанаттары, желбезек қақпақтары бар
Жүзу торсылдағының пайда болуы, қан айналым жүйесінің жетілуі
Қосмекенділер
Терісі ылғалды, өкпе арқылы тыныс алады, екі ортада тіршілік етеді
Өкпенің дамуы, жүректің үш камералы болуы, аяқ-қолдың пайда болуы
Бауырымен жорғалаушылар
Терісі құрғақ, мүйізді қабыршақпен қапталған, өкпе арқылы тыныс алады
Жұмыртқаның құрлықта дамуы, жүректің қарыншасы жартылай пердемен бөлінуі
Құстар
Қауырсын жамылғысы бар, ұша алады, өкпесінде ауа қапшықтары бар
Қос қанайналым шеңберінің толық жетілуі, жүректің төрт камералы болуы, дене температурасының тұрақтылығы
Сүтқоректілер
Терісі түкті, ұрпағын сүтпен қоректендіреді, жүйке жүйесі жақсы дамыған
Жүректің төрт камералы болуы, диафрагманың дамуы, дене температурасының тұрақтылығы

Ланцетниктер

Дөңгелекауыздылар

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

Қосмекенділер

Бауырымен жорғалаушылар

Құстар

Сүтқоректілер

 
Built with Potion.so